Бұл туралы тележүргізуші Қымбат Досжан мәлімдеді.
«Тергеуші жолға шықты»: Жәнібектің анасын іздеу жалғасып жатыр
3,441
оқылды

Белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында бельгиялық әйел асырап алған Жәнібектің туған анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

30 шілде – әлемдік Адам саудасына қарсы күрес күні. Қазақстан адам саудасына қарсы заңнаманы күшейтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының сайтына шыққан мақаланы оқи отырыңыздар. Журналист Күлпаш Қоңыроваға рахмет. Мұрат Савельевтің анасын іздеу бір сәт тоқтаған жоқ. Тергеуші Көкшеге жолға шықты, – деп жазды ол.

Айта кеткен жөн, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақстандықтарға үндеу жасап, туған анасын табуға көмектесуді сұраған.