Құтқарушылар суға батып бара жатқан 12 жастағы баланы құтқарды

Суға батып бара жатқан жерінен құтқарып, алып шығарды.

Ақтөбелік құтқарушылар патрульдеу кезінде 12 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Жақсы Қарғалы өзені аймағын патрульдеу кезінде құтқарушы Ерболат Бітімбаев 12 жастағы ер баланы рұқсат етілмеген аймақта шомылып суға батып бара жатқан жерінен құтқарып, судан алып шығарды.

Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.