Сот процесі 1 тамызда жалғасады.
Нұртас Адамбай сот алдында жауап береді
Фото: instagram.com/ nurtasadambay
1,439
оқылды

Шоумен Нұртас Адамбайға «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды бұзғаны үшін айып тағылды, – деп хабарлайды   Aikyn.kz.   

Сот кабинетіндегі ақпарат бойынша, істі Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап жатыр.

Нұртас Адамбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағы бойынша, яғни «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын» бұзғаны үшін айыпталып отыр. Бұл бап ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзуға қатысты.

Мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл төлеу жазасы тағайындалады.

Сот процесі 1 тамызда жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.