Бүгін ауа райы қандай болады?
Аптап ыстық, жел, жаңбыр: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы
4,447
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде жауын-шашын болмайды. 

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік өңірде тұман түседі деп болжанып отыр. 

Күндізгі уақытта Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі. 

Алматы, Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбенің орталығында, Шығыс Қазақстанның батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Атырау облыстарының оңтүстік бөлігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Алматы облысы мен Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Абай қаласының орталық өңірінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.