Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Мұрат Нұртілеу Ресейдің Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
562
оқылды

Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан  Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар министрлер аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.