Мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
856
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚМА мәліметінше, балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

– Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа  алу" шарасын қолданды, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы  1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.