Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанайда 3 жасөспірімнің 5 жасар қызды зорлауына қатысты мәлімет берді.
«Барлығы аз қамтылған отбасынан шыққан»: Қостанайда 5 жасар қызды зорлаған 3 баланың ата-анасы маскүнем болып шықты
Фото: istockphoto.com
861
оқылды

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанайда 3 жасөспірімнің 5 жасар қызды зорлауына қатысты мәлімет берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап..

«Оқу-ағарту министрлігінен Білім сапасы комитетінің өкілдері барды. Өңірлік бала құқықтарын қорғау өкілдері де бар. Бұл мәселені комитет бақылауда ұстап отыр. Балалардың баланы зорлау деректері бар. Олар азайып келеді», дейді ол.

Оспанованың айтуынша, аталған жағдайдағы зорлық жасаған балалардың жасы кішкентай.

«Олар ерекше бақылауды қажет ететін отбасылардан шыққан. Олардың ата-аналарына да көмек көрсету керек. Себебі олар өмірдің қиын жағдайында өмір сүріп жатыр. Маскүнемдер отбасылары да бар.  Қазір олар кәмелетке толмағандарды бейімделу орталығында отыр. Оларды арнайы мектепке көшіру мәселесі қаралып жатыр. Себебі ол балалармен жеке-жеке жұмыс істеу керек»,  дейді Оспанова.

Оның айтуынша, екі тараптың балалары да әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан.

«Жәбірленуші қыздың анасы біздің өңірлік балалар құқығын қорғау уәкілімен байланыста. Біз мәселені шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Бұл оқиға барлығын алаңдатты. Ал ұлдардың ата-аналары Әкімшілік кодекс аясында әкімшілік жауапқа тартылады»,  деді Насымжан Оспанова.

Еске салсақ, Қостанайда болған жантүршігерлік оқиға жайлы НеМолчиKZ қоры жазды. Шілде айының басында 5 жасар қызды 8, 12 және 13 жастағы ұлдар топтасып зорлаған. Екі бала қызға күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Балалар кінәсін мойындады, тергеуге мемлекеттік адвокат пен мектеп психологі тартылған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.