50 келі салмақта сынға түскен Назым 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдамен кездесті.
Колумбиялық боксшыдан есе қайтаруға тырысамын – Назым Қызайбай
Фото: ҰОК
2,594
оқылды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 50 келі  салмақта Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті. Olympic.kz-ке сұхбат берген спортшы келесі қарсыласқа тыңғылықты дайындалатынын айтты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Олимпиадада ешбір қарсылас оңай болмайды. Бүгінгі бразилиялық спортшы да мықтылар қатарынан. Қуанышқа қарай, жекпе-жекте жеңіске жеттім. Десе де, еш босаңсуға болмайды. Келесі қарсыласым – колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лорена. Әлем чемпионатында оған есе жіберген едім. Енді  тыңғылықты дайындалып, есе қайтару керек», - деді Қызайбай. 

Айта кетелік, 1/8 финалда Назым бразилиялық Каролин де Алмейданы жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.