Әнші отыз жасында бата берген.
«Сен әнші болмай-ақ қой»: Сәкен Майғазиев 19 жыл бұрын бата берген бала Гарвардқа оқуға түсті
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev
27,493
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев осыдан 20 жыл бұрын болған оқиғаны айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол жас кезінде 2-3 жастағы баласы бар тұрғынның үйіне қонақ болып, кішкентай ұлына бата берген кезін еске алды.

“Екі күн бұрын орталық клиникалық аурухана дәлізінде жүзінен нұр төгілген келіншек пен оның қасындағы 16 жас шамасындағы қызымен жылы ұшырап амандастық. Шырамытқаныммен, танымадым. Сөйтсем, 19 жыл бұрын, яғни 2005 жылы жер жәннаты Жетісуда бұл кісілердің қара шаңырағында қонақта болыппыз. Сол үйдің көз қуанышы, еркесі осы суреттегі Сезім есімді баланы (шамамен 2-3 жаста болса керек) ата-анасы менің қолыма ұсынып, аузына түкіруімді өтініпті. Алланың қалап, аузыма салып тұрғаны ғой, кішкентай Сезім ұлымызға ақ жол, жарқын болашақ тілеп: "Сен әнші болмай-ақ қой, сен асқан білім мен ғылымның иесі бол” деп бата беріппін. 30 жасымда не деген бата десеңші!", – деп жазды әнші. 

Оның айтуынша, сол бала бүгінде Гарвардқа оқуға түскен. 

«Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған Сезім Ертаңатов әлем бойынша 55 000 үміткердің ішінен топ жарып, 2021 жылы Гарвард университетінің оқу грантына ие болыпты. "Сезім Гарвард" деп "гуглдата" қойып едім, Сезім Ертаңатов туралы ақпарат атып шықты. Айтқым келгені, бір-бірімізге жақсылық тілеп, жақсы сөйлеп, жақсы ойлап, қолдап, демеп жүрейікші. Жақсы сөз – жарым ырыс", – деді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.