Бүгін ауа райы қандай болады?
Бірнеше облыста күн қатты ысиды: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
2,517
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен күн құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Тек республиканың батыс, оңтүстік және шығыс аймағында күн жауын-шашынсыз болады. Ел аумағы бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында күн қатты ысиды.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда Түркістан, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.