Компанияның жалпы құны 35,5 миллиард теңгеге бағаланған.
Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы мемлекетке қайтарылды
1,527
оқылды

«Phystech II» акционерлік қоғамы 1 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің меншігіне өтті. Бұрын компания Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Мұнай кеңесінің мәліметінше, компанияның жалпы құны 35,5 миллиард теңгеге бағаланған.

Қазақстан қор биржасы (KASE) биыл 1 тамыздан бастап «Phystech II» АҚ-ның жалғыз акционері және сәйкесінше компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан да көп пайызын құрайтын акцияларға иелік ететін жалғыз тұлға – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті екенін мәлімдеді. 

Бүгінде «Phystech II» АҚ-ның 18 500 000 қарапайым акциясы бар. Оның 13 749 100-і қор биржасына орналастырылған.