Ақтөбеде дәмхана өртенді

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақтөбе қаласында Астана ауданындағы дәмханалардың бірінің ас дайындайтын үй-жайында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 42 шаршы метр алаңындағы өрт қысқа мерзімде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада. 

Осы ретте ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.