Әлеуметтік желіде Шымкентте өткен сүндет той көпшіліктің назарын аударды.
Әншілерге – 10 миллион теңге: Шымкентте 200 миллион теңгеге жасалған сүндет той қызу талқыланып жатыр
10,673
оқылды

Белгілі блогер Айя Әжібек жеке парақшасына қуаныштың видеосын жүктеп, сүндет той иесі өзінің құрбысы екенін жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Шымкенттегі 200 миллион теңгелік сүндет той. Бұл тойдың иесі, менің ең жақын құрбым – Әсел. Әселмен университет оқып жүргенде таныстық. Бір етікті киіп, бір нанды бөліп жегенбіз. Ол туралы бүгін стористе айтамын. Туф, мына тойдың атмосферасын видеодан сезіндіңіз бе? Шымкенттің нөмірі бірінші тойханасында осындай атмосфера болды. Әншілердің өзі 10 миллион теңгеге келді. Иә, осындай достарым бар. Ал сіз сүндет тойды осылай дүркіретіп өткізуге қалай қарайсыз?" – деп жазды ол. 

Одан кейін құрбысына бір бөлмелі пәтер сыйлағанын да айтып өтті. 

“Құрбыма тойында 1 бөлмелі пәтер сыйладым. Иә, ол – менің жан құрбым. Одан бөлек бір жасар қызына 1,5 миллион тұратын оригинал Cartie браслет. Әсел – мен үшін әлемнің ешбір байлығына жетпейтін қымбат жан. Күйеуіммен ажырасып, өз жұртым маған “кет” дегенде, “маған келші” деп үйінде паналатқан жан құрбым мен оның отбасы”, – деп жазды блогер.