Алматыда 4 жасар қыз 15-қабаттан құлап, мерт болды

Алматы қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Алматыда 4 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің 15-қабатындағы терезеден құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында болды. Алматы қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.