2 шілде күні сағат 23:15–те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Өскеменде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді
924
оқылды

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 859 шақырым жерде орналасқан, - деп жазады Aikyn.kz.

Бұл Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтыққа тұспа-тұс келеді.

Жерасты дүмпулерін Өскемен қаласының тұрғындары да сезді.

Қуаты — 2-3 балл. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі жер сілкінген кезде құлаған ауыр жиһаздардан сақ болу керектігін ескертті.

«Балконға жүгірмеңіз, терезелер мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса ғимараттан шықпаңыз, дүмпулердің аяқталуын күтіңіз. Лифтті пайдаланбаңыз. Егер көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр желіcі жанынан аулақ болыңыз, себебі электр сымдарының үзілу қаупі бар», — деп мәлімдеді ведомстводан.