Қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады.
Милад Карими Париж Олимпиадасында еркін жаттығудан үздік бестікке енді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
1,189
оқылды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Милад Карими еркін жаттығу бойынша Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады. 

Бұл жаттығуда филиппиндік Карлос Юло (15.000) чемпион атанса, күміс медальді Израиль өкілі Артем Долгопят (14.966), қоланы Ұлыбритания спортшысы Джэк Джармэйн (14.933) еншіледі. 

Айта кетелік, Милад Карими осымен Олимпиада ойындарын аяқтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.