Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Геннадий Головкин: Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын
Фото: Сали Сабиров
9,492
оқылды

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Сали Сабиров

«Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз. Жеке бапкеріңіз Хусанжан Құрбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін! Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!»,  делінген хатта. 

Фото: Сали Сабиров

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.