Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін 2-қабаттағы сервер бөлмесінде жалын жиһаз бен бөлменің созылмалы төбесін шарпығаны анықталды, - деп жазады Aikyn.kz.
Газ-түтіннен қорғау қызметі 10 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді.