Айыппұл көлемі - 13 684 868 730 теңге.
Атырау облысындағы ірі мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды
1,442
оқылды

ҚР Бас прокуратурасы Атырау облысындағы «Каспий мұнай» АҚ-ға 13 млрд теңгеден астам айыппұл салынғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты саналатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

«Каспий мұнай» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий мұнай» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды», – делінген хабарламада. 

Компания 13 684 868 730 теңге айыппұл төледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.