8 күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы анықталды
654
оқылды

Биыл шілде айында Астана және Алматы қалаларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекеттесе отырып және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

– Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.

«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.