Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
570
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нұрлан Жақыпов Қордың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы жұмыстарының жоспарын таныстырды:

  • басты өндірістік көрсеткіштер жоспарға сәйкес атқарылып отыр;
  • қордың кірісі 7,9 триллион теңгені құрады. Бұл белгіленген жоспардан 7 пайызға артық;
  • қор тікелей шетелдік инвестицияның катализаторына айналды.

Сонымен қатар мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру салаларындағы жобаларға шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды. Одан бөлек «Самұрық-Қазына» тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53,5 триллион теңге болатын 130-дан астам жоба бар екенін атап өтті.

Мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, логистика салаларында және тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асырылатын жобалар ел экономикасына мультипликативті әсер етеді деп күтілуде.

Қордың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы қайырымдылық жобалары туралы мәлімет берді. Жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қор жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.