Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында үшінші рет ана атанғанын айтқан еді.
Айнұр Тұрсынбаева сәбилі болған Баян Мақсатқызын құттықтап, арнайы сыйлық жіберді
Фото: instagram.com/ aidyn_nury
27,569
оқылды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Баян Мақсатқызына Түркиядан сыйлық жіберді, – деп жазды Aikyn.kz.

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында үшінші рет ана атанғанын айтқан еді. Содан кейін Айнұр Тұрсынбаева беріп жіберген сыйлықты көрсетті.

"Мынадай сыйлық келді. Кімнен екен?", - деген Баян Мақсатқызы жеміс-жидек салынған себетті ашып, ішіндегі хатты оқып берді. 

Онда "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" деп жазылған. 

"Көп рақмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адам едің", - деп алғысын білдірді продюсер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.