Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тү­рік­­менстан президенті Сер­дар Бердімұхамедов­пен телефон арқылы сөй­лесті.
Қазақ-түрікмен қатынастары қарқынды дамуда
1,056
оқылды

Мемлекет басшылары қа­зақ-түрікмен қатынастары­ның қарқынды дамып келе жат­­қанына назар аударып, Қа­­зақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жос­­парланған сапарының дайын­­дық барысын талқы­лады.

Әңгімелесу барысында кө­лік-логистика, энергетика, мә­дени-гуманитарлық және бас­қа да салалардағы екіжақты ын­тымақтастықты одан әрі ны­ғайтудың маңызды екені атап өтілді.