Қостанайда ауыл әйелдерінің форумы өтті. Республиканың ең белсенді ауыл әйелдері бас қосып, ауыл­дың тұрақты дамуына қа­тыс­ты сындарлы ұсыныстарын білдіре алатын форум осымен ал­тыншы рет ұйымдастырылып отыр.
Ауыл әйелдерінің форумы өтті
615
оқылды

Ауыл әйелдерінің форумы әйелдер кә­сіп­керлігін дамыту және ауыл тұрғын­да­­рын нәтижелі жұмыспен қамту арқы­лы ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс са­па­­сын арттырудың жолдарын іздейтін, бас­­тамаларды талқылайтын алаңға ай­налды.

Аталмыш жиында Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан об­лыстарының өкілдері бас қосты. 

– Соңғы алты жылда аймақтарда ауыл­дық әйелдер форумын өткізу дәс­түр­­ге айналды. Жеке шаруа қожалық­та­ры­ның дамуын, мемлекеттік бағдар­ла­ма­лардың жаңалықтарын, әлеуметтік са­ладағы жетістіктерді бас қосып, тал­қы­лап жатырмыз. Форумға қатысушылар Co­ca-Cola Belesteri жобасының бизнес не­­­­­­­­гіздері және Farmer school онлайн фер­­­­­­мерлік шаруашылығы бойынша тре­нинг­тер арқылы практикалық білім ала­ды», – деп түсіндірді Қазақстан ауыл әйел­дері форумын ұйымдастыру ко­ми­тетінің төрайымы, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Парламент Мәжілісінің IV,V,VI  ша­қырылымдары депутаты Майра Айсина.

Форумға келген 200-ге жуық қонақ­тың ішінде кәсіпкерлер мен әлеуметтік ны­сан өкілдері бар. Тағы біршама қа­ты­су­шы Қостанайдағы форумға онлайн қо­сылды. Кәсіпкерлер еңбегінің жемісін жыл сайынғы Coca-Cola Belesteri бай­қауы­ның жеңімпаздары мен Қостанай об­лысы қолөнершілерінің қатысуымен ұйым­дастырылған өнім жәрмеңкесінде көруге болады. Қонақтар қолдан жасал­ған зергерлік бұйымдарды, қолөнер, сүт өнім­дерін, ойыншықтарды, үй тоқыма бұйымдарын және сәндік бұйымдарды са­тып алу мүмкіндігіне ие болды.

Өңірлік форумдардың нәтижесі қа­ра­шада Астанада өтетін Қазақстан ауыл әйел­дерінің VII республикалық форумы алаңында қорытындыланбақ.