Қайырымдылықты дәріптейтін дәстүрлі акция

«AMANAT» партиясының мұрындық болуымен өтетін жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы 2010 жылы іске қосылған болатын. Бұл игі дәстүр «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жалғасуда.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетімдер мен әлеуметтік баспана тәрбиеленушілеріне жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Қазақ­стан­дықтар оқу құралдарын, кеңсе тауар­ларын немесе қолма-қол ақша беру арқылы, бұл акцияға үлес қоса алады. Барлық жиналған заттар мен қаражат мұқтаж балаларға бағытталады.

Шараға кез келген адам қатыса алады. Дәстүрлі түрде акцияға партия қызметкерлері, БПҰ мүшелері, депу­таттар мен белсенділер атсалысуда. 

Акцияның маңызы сол, ол нақты көмек көрсетіп қана қоймай, аз қам­тылған отбасылардың пробле­маларына жұртшылықтың назарын аударады, қайы­рымдылықты наси­хаттайды және жастарды мұқтаж жандарға көмектесуге деген ұмтылысты оятады.

Берік БЕК