Биылғы жылдың ІІ тоқсанында ел бойынша 780 келіге жуық алтын сатылған.
Елімізде алтынның бағасы қымбаттады
2,522
оқылды

Биылдыққа елімізде алтын бағасы 7 мың теңгеге қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәселен, 3 қаңтарда Ұлттық банктің есебі бойынша 1 грамм алтын 30  323 теңге 51 тиынға бағаланса, кеше яғни 5 тамыз күні  37  560 теңге 84 тиынға жетті.

Десек те, елден алтынға сұраныс көп. Биылғы жылдың ІІ тоқсанында 780 келіге жуық алтын сатылды. Тұтынушыларға 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық құйма түрінде ұсынылды. Мұның ішінде 100 грамдық құйма көп сатылған. 14  752 құйманың 25 пайызы осы 100 грамдық құймалар.

1 грамм алтын бағасы:

03.01.2024 ж. – ₸30  323,51;

05.08.2024 ж. – ₸37  560,84.