Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды.
Жаңа оқу жылында 1,7 миллион оқушыға тегін тамақ беріледі
Фото: egemen.kz
2,293
оқылды

1 қыркүйекте Қазақстанның мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына 3,9 млн бала барады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Жалпы, оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгінде өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз ету 90%-ға жетеді. 25 тамызға дейін барлық оқулықтар өңірлерге жеткізілетін болады.

Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға тегін тамақ беруді ұйымдастыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды. Осы мақсатта бюджеттен 22,6 млрд теңге қарастырылған», — деді Оқу-ағарту министрі.