Ауылдық округ  әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Атырау облысында 38 миллион теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды
1,358
оқылды

Атырау облысында Махамбет ауданының прокуратурасымен 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдау нәтижесімен Бейбарыс ауылдық округінің әкімімен «Первомайский» ЖШС-на понтонға орнатылған су насосы стансасы тендер өткізусіз сенімгерлікке берілгені анықталған.

– Шаруашылық субъектісі понтондық стансаны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырған.

Аудан әкіміне енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынумен мүлік мемлекетке қайтарылған.

Ауылдық округ  әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.