Оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған.
Қазақстан азаматы Пхукетте суға батып кетті
Фото: pixabay.com
1,181
оқылды

Қазақстан азаматы Пхукет аралында суға батып, мерт болды. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Пхукет жаңалықтары сайтының  жазуына қарағанда, оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған. Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болған 57 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен.

«Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14.20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақүй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге мөртаңба алған. Бірақ бір күн қонбастан мерт болды», – деп жазады Пхукет жаңалықтары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.