Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.
12 облыста қатты ыстық болады:  7 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
3,534
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 7 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жжариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен, бұршақпен және дауылмен жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтілуде.

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.