Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Геннадий Головкин Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады
5,144
оқылды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атануымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. 

Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», – делінген жеделхатта. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.