Сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.
Жеке үйін әскерилерге салдырған: Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі 5 жылға сотталды
Фото: primeminister.kz
955
оқылды

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», – деп жазды Антикор.

Сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ибрагим Күлшімбаев 2020-2023 жылдары Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр қызметін атқарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.