43 жастағы Татьяна Култышева 6 тамызда қыз босанды.
Петропавлдағы Култышевтар отбасында он тоғызыншы сәби дүниеге келді
1,982
оқылды

Петропавлдық көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың 10 ұлы мен 9 қызы бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

Өңірлік басылым хабарлағандай, 43 жастағы Татьяна Култышева 6 тамызда қыз босанды.

Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы тұрақты. Отағасы босану барысында келіншегіне демеу болып, жанында болған. Баланың салмағы – 4250 грамм және бойы 56 сантиметр.

Айта кетейік, Павел мен Татьяна ең көпбалалы отбасы саналады. 18-ші баласын Татьяна Култышева 2022 жылдың шілде айында туған. Ал тұңғышын 20 жасында босаныпты.

Отбасының үлкен қызы Иннаның жасы қазір 23-те, оның өз жанұясы, балалары бар. Ал үлкен ұлы Владимир – 20 жаста.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.