Нұрбек Оралбай өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада жүлдегерлер қатарына еніп отыр. 
ҰОК президенті Олимпиада жүлдегері атанған Нұрбек Оралбайды құттықтады
Фото: Сали Сабиров
3,557
оқылды

ҰОК президенті Геннадий Головкин бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін (80 келі) иеленген Нұрбек Оралбайды жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Ұлттық Олимпиада комитеті мен жеке өз атымнан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын.

Бүгін барша қазақстандықтар Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз. 

Сонымен қатар Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтаймын! Ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені анық. 

Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық мансаптарыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!", - делінген құттықтау жеделхатында. 

Айта кетелік, Нұрбек Оралбай өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада жүлдегерлер қатарына еніп отыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.