Танымал әнші Индира Елемес күйеуінен ажыраса алмай жүргенін мәлімдеді.
Ажырассаң ажалың менен болады деді: танымал әнші күйеуінен қысым көріп жүр
Caravan.kz
3,755
оқылды

Бұл туралы ол “Мамский әңгіме” подкастына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

”Менің күйеуімнің екі отбасы болды. Бірінші әйелі барын біле тұра екінші әйелі болдым. Некемізді қидық. Бірінші әйелі келіп ұрыс шығарған жағдайлар болған жоқ. Күйеуім екі отбасының ортасында жүрді. Бізде ауызша келісімшарт болды. Мен өнерді тастамаймын, сен көзіме шөп салмайсың дедім. Бірақ қазір ажырасам деп шештім. Үйленгеннен кейін мені қатаң бақылауда ұстады. Тойға шығармады. Тек концерттерде өнер көрсетіп жүрдім. Қаржылық жағынан сол кісіге тәуелді болдым. Бірақ мынау керек, ананы аламын деп айтпайтынмын. Барлық әлеуметтік желідегі парақшаларымның логин мен құпия сөздері (пароль) сол кісіде. Ренжітіп аламын ба деп қорқып үндемей жүретінмін. Өнердегі қыздармен де араластырмайтын. Индира Елемес болуыма да өз септігін тизігенін мойындаймын. Менен ештеңесін аяған жоқ”, – деп жазды әншінің сөзін Caravan.kz.

Алайда қатаң бақылауда болған өнер иесі ажырасудан басқа амалы қалмағанын айтады.

“Бірақ қазір тынысым тарылды. Ажырасудан басқа амалым жоқ. Шаршайды екенсің. Менің машинама, телефоныма локатор, gps қойып қойған. Телефонымдағы нөмірім да сол кісінің атында. Мен ажырасқым келгеніммен, ол ажыраспайсың деп, келісімін бермей отыр. Ол кісі маған қол көтермеген. Сол үшін де қатты сыйлаймын. Бірақ ажырасам дегенімде ажалың менен болады деді. Ол  – мен сені өлтіремін деген сөз ғой. Сол сөзден кейін мен балаларым үшін қорқамын”, – дейді ол.