Париж-2024: Азамат Дәулетбеков пен Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуінде жеңілді

Бүгін Париж бозкілемінде бақ сынаған еркін күрес шеберлері алғашқы кездесулерінде жеңіліп қалды.

Бүгін Париж Олимпиадасында жарыс алаңына шыққан еркін күрес шеберлері алғашқы айналымда қарсыластарына есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Париж бозкілемінде бақ сынаған еркін күрес шеберлері  алғашқы кездесулерінде жеңіліп қалды. Жарыстың алғашқы күнінде 57 мен 86 келі салмақтағы спортшылар қарсыластарына есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады. 86 келіде ел намысын қорғайтын Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде-ақ Токиодағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Тэйлорды ұтқан Арон Брукспен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілсе,  57 келідегі Мейрамбек Қартбай алғашқы айналымда қырғызстандық Бекзат Алмазулуға есе жіберді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.