Синоптиктердің хабарлауынша, 10-12 тамыз аралығында елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Жаңбыр, бұршақ, 37 градус ыстық: 10-12 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
783
оқылды

Синоптиктер 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, 10-12 тамыз аралығында елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, бұршақ жауады. Елдің солтүстік-батысында 10, 12 тамызда, орталықта 10 тамызда, шығыста 10-11 тамызда, елдің оңтүстік-шығысында 11 тамызда нөсер жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді.

«Қазақстанның басым бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі болжанады: күндіз елдің батысында +20 дейін, солтүстік-батыста +15 дейін, солтүстікте +15 дейін, шығыста және орталықта +17 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта +35 жылу сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30 +37 градус күтіледі», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.