Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентімен кездесті
654
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент саммит жұмысына қатысқаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтып, оның бұл сапары екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

– Қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамып келеді. Сондай-ақ стратегиялық әріптестік сипатына толық сай. Көпқырлы мемлекетаралық байланыстарымызға қолдау көрсеткеніңіз және оны үнемі нығайтуға атсалысқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін.

Бұған дейін айтқанымдай, экономикалық ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары. Үкіметтер өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұған елдеріміздің барлық мүмкіндігі бар. Энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика және басқа да салалардағы бірқатар жобалар жүзеге асыру сатысында тұр. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға да қолайлы жағдай жасалған, – деді Мемлекет басшысы.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.