«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы 10 тамыз – ұлы ақын Абай күнін мерекелеу аясында «Кітап–AMANAT» орталығында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» қоғамдық дәрісін өткізді.
Абай күніне орай қоғамдық дәріс өтті
949
оқылды

Іс-шара Алматы қаласы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Әке­жан Кеңесовтің модераторлығымен өтті. Шараға Абайдың туған ұрпағы Нұргүл Ысқақова мен «Алматы облы­сының музейлер бірлестігі» МКҚК аға ғылыми қызметкері Айбек Ережепов қатысты. Дәріс ақынның қатпары терең шы­ғармаларына деген көзқарасты қа­лып­тастыра отырып, әрбір қазақ­стан­дықтың тарихи сана-сезімін жаң­ғырту, Абайдың тағылым мектебі арқылы жас буынды адал ұрпақ қағидасына баулуға ба­ғыт­талған. 

«Мен Абай атамыздың кіші інісі Ыс­қақ атаның ұрпағымын. Ысқақ ата­мыз Абай атаға көмекші болған. Ол шаруақор, дене пішімі үлкен, салмақты кісі екен. Абай атамыз ғылым­мен, біліммен ай­на­лыссын деп оның бүкіл шаруа­шы­лығын өз қолына алған. Кезінде ата-апа­ларымыз Құ­нанбай ұрпағы екенін ашық айта алмады. Кейбіреуі қуғынға ұшырап, көп бейнет көрді. Алайда қазір біз Құнан­байдың тікелей ұрпағымыз деп мақтана аламыз. Мұның барлығы еліміздің тәуел­сіздігінің арқасы», – деді Нұргүл Ысқа­қова. 

Кездесу барысында Айбек Ережепов Абайға арнаған арнауларын оқып, жас­тардың ұлы философтың шығар­ма­шы­лық жолы туралы қойған сұрақ­тарына ықыласпен жауап берді. Со­нымен қатар қонақтар кітап оқудың маңыз­дылығына ерекше тоқталды.