Бүгін қазақстандықтар Абай күнін атап өтіп жатыр.
Астанада Ұлы Абай күніне арналған «Домбыра Party» өтеді
Ашық дереккөз
647
оқылды

Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау шаралары Астанада да өтеді. Солардың бірі – «Домбыра Party» әдеби сазды кеші, – деп жазады Aikyn.kz.

Айтулы іс-шара Есіл өзенінің жағалауы, Хан Кенесары ескерткішінің маңы, жазғы караоке алаңында 10 тамызда кешкі сағат 20.00-де басталады.

«Дана Абайдың әндерін шырқап, руханият бұлағы – өлеңдері мен қара сөздерін еске түсіріп, Есілдің жағасында демалып қайтасыздар», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Абай күні Қазақстанда 2020 жылдан бері аталып өтіп келеді. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ел Үкіметі  аталған датаны мерекелер тізіміне енгізді.