Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз беймезгіл уақытта сыртта жүрсе, полиция бөліміне жеткізіледі.
Бала түнгі уақытта үйінен бес метрге де ұзамауы керек: полиция ескерту жасады
1,062
оқылды

Сағат 22.00 мен таңғы 6.00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды, деп жазды Aikyn.kz.

Сондай-ақ сағат 23.00 мен таңғы 6.00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған.

"Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады", деп ескертті полициядан.

Ойын-сауық орындарында жүрсе  3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса  7 АЕК айыппұл қарастырылған.

Беймезгіл уақытта баланың ойын-сауық орындарында болғаны үшін иесіне де айыппұл салынады.