Бүгін басталған Ұлттық бірыңғай тестілеу 15 тамызға дейін жалғасады.
ҰБТ: Бүгін тамыздағы тестілеу басталды
1,723
оқылды

Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. 

ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсырады.

“Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін пунктті, күнді және уақытты өздері таңдады”,  делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.