Бүгін Париж Олимпиадасының қатысушысы, дзюдо балуаны Әбиба Әбужақынова Астанаға ұшып келді.
Депутат Әбиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді
880
оқылды

Спортшыны Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров күтіп алып, астына су жаңа көлік мінгізді, – деп жазады Aikyn.kz.

Әбибаға депутат Kia Ceed маркалы көлігін берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айдарбек Қожаназаров Әбибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» – деген болатын депутат.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.