Vita іздеу тобының еріктілері Новочерноярка ауылында жоғалған Николайдың қайтыс болғанын мәлімдеді.
О дүниеден де  тауып аламын: Жоғалған павлодарлық өлі күйінде табылды
1,053
оқылды

Оның өлімінің егжей-тегжейлері айтылмайды, бірақ ер адамның жұмбақ жағдайда бір апта бұрын жоғалып кеткені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Astana TV-ға волонтерлердің айтуынша, Николай Строкан 3 тамызда кешке жоғалып кеткен. Туыстарының дерегінше, үйге бейтаныс көлік келіп, ер адам белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Сол кезде Николай неге екені белгісіз өзімен бірге туристер шатыры мен жарық алып кеткен. Туыстары оны балық аулауға кетті деп болжағанымен, оның бұрын балық аулаған жерін тексергеннен кейін ешқандай із таппаған. Оның телефоны үйде қалып қойған. 

Сондай-ақ, Николайдың жоғалуының алдында оның туыстары мен сүйіктісі Валерия арасында жанжал болған. Марқұмның үйіндегілердің айтуынша, осы жанжалдан кейін әйел кетуге мәжбүр болған, ал Николай оның артынан бармақ болған.

Николай жоғалып кеткеннен кейін туыстары "Лераға тиіспе, әйтпесе мен сені о дүниеден де  тауып аламын" деген жазба тауып алған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.