Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адам қаза тапты.
Мемлекет басшысы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
592
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.