Оның денесін Республикалық жедел-құтқару жасағы (ҚР ТЖМ РЖҚЖ) судан шығарды.
Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кетті
1,323
оқылды

Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ мәліметінше, Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында орналасқан Қаскелең өзенінің маңында 63 жастағы ер адам отбасымен және достарымен демалып жатқан. Суға түсуді ұйғарған адамды таулы өзеннің қатты ағысы алып кетті.

Кейінірек ер адамның денесі апат болған жерден бір шақырым жерде табылды.

Мәйіт полицияға тапсырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.