Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жол уақытша жабылады
Фото: istockphoto.com
991
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» мұз сарайы тарапынан «Астана Арена» маңындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатының төсемі бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осыған байланысты, биыл 12-13 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашық болады және автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.