Қайғылы жағдай кәсіпорындағы жөндеу жұмыстары кезінде болған.
Ақмола облысында жұмысшының үстіне жүк тиегіш құлап, көз жұмды
1,207
оқылды

Ақмола облысында 37 жастағы жұмысшының үстіне жүк тиегіш құлап, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға жайында Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

Белгілі болғандай, ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген. Жөндеу жұмыстары кезінде оның үстіне жүк тиегіш құлаған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан да тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді ведомстводан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.