Тайынша ауданында ұлы анасын туған күнінде ұрып өлтірген

Марқұм ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толып жатқан.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 59 жастағы ер адам өзінің туған анасын өлтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz qaz-media.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, ұлы кейуананы үнемі ұрып-соққан екен. Марқұм ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толып жатқан. Адам шошырлық жайт 9 тамыз күні Тайынша ауданында тіркелген.

«Тайынша ауданында 82 жастағы әжені өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол 59 жастағы ер адам. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлайды СҚО-ның Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.