Азиз Кажденбек Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы болды

2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Алматы қаласының әкімінің өкімімен Азиз Кажденбек Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Азиз Кажденбек 1993 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары қаладағы үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қызмет етті. Халықаралық бизнес университетінің (UIB) Жастар орталығының директоры және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымында болды.

2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.